
Ағымдағы жылдың 3-4 сәуір күндері Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі рөлі: тарихы, бүгіні және болашағы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Секциялық және пленарлық сессиялар кезінде Парламент және мәслихат депутаттары, Үкімет мүшелері, шетелдік және қазақстандық сарапшылар Мемлекет басшысы Мәслихат депутаттарының II республикалық форумында және Ұлттық құрылтайдың IV отырысында белгілеп берген міндеттерді іске асыру барысын талқылады. Сондай-ақ іс-шарада сенаторлар мен мәслихат депутаттарының өзара іс-қимылын одан әрі жандандыру, жергілікті өкілді органдар қызметінің өзекті мәселелерін шешу және өңірлердің дамуына ықпал етудің маңызы туралы мәселелер сөз болды.
Бұл шараға барлық деңгейдегі мәслихаттардың төрағалары қатысты. Біздің ауданымыздан аудандық мәслихат төрағасы Талғат Көлкебаев барып қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/970818?lang=kk

Жауап қалдыру