Құтқарушылардың балаларының кезекті медальдары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетауда балалар арасында «Ушу – Саньда» бойынша Республикалық жарыс өтті.

Екі жүзден астам жас спортшыны жинаған ауқымды турнирге Ақмола құтқарушыларының балалары да қатысты. Олардың үшеуі Ақмола облысы ТЖД «BATYR team KIDS» клубының атынан қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша екеуі жүлделі орындарға ие болды. 37 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлия Қарабековадан күміс, 28 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Қасым Айбектің қоржынындағы қола медаль. Клубтың жақында ашылғанын ескерсек, бұл үлкен жетістік.

Бұл жетістікте «BATYR TEAM» ересектер клубының жаттықтырушылары, аға тәлімгерлері үлкен еңбек сіңірді.

Ақмола облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/972977?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді