Қыс мезгілінде адам шығыны болған жоқ: ТЖМ құтқарушылары төтенше жағдайларға дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қазақстанда өткен қыс ерекше суық болды. Қысылтаяң ауа райы жағдайлары авариялық-құтқару қызметтерін уақтылы дайындау мен жарақтандырудың қаншалықты маңызды екенін тағы да көрсетті. Өткен жылы мамандандырылған техниканың болмауы құтқару операцияларын жүргізуді едәуір қиындатты. Алайда биылғы жылғы қыста жағдай алдын ала қабылданған шаралардың арқасында түбегейлі өзгерді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)

  Дайындықтың негізгі элементі «ҚЫС» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы болды, оның қорытындысы бойынша неғұрлым осал учаскелер күшейтілді, ал аумақтық бөлімшелер өтімділігі жоғары заманауи техникамен жарақтандырылды. Бұл қиындықтарға уақтылы ден қоюға және 5 мыңнан астам адамды, оның ішінде балаларды құтқаруға мүмкіндік берді.

  Құтқарушылардың иелігіне түскен көліктің арқасында қыс мезгілінде адам шығыны болған жоқ. Қатты, қарлы боран және мұз қатып, жолда жүру мүмкіндігі шектелген кезде ТЖМ жол талғамайтын көліктері мен автомобильдері қар құрсауында қалған көлік құралдарын, соның ішінде полиция мен медициналық қызметтердің көліктерін де эвакуациялауға және  адамдарды жылыту пункттеріне жедел жеткізуге мүмкіндік берді.

  Жаңа құтқару техникасы бұрын мүмкін емес деп саналған  мәселелерді шешуге көмектесті. Атап айтқанда дрондардың көмегімен далада адасқан шопандар табылды, ал өтімділігі жоғары техника қар басқан жолдарда бірнеше шақырымды еңсеріп, босанған әйелдерді ауруханаларға жеткізді.

  ТЖМ жанындағы жедел штаб құтқару операцияларын жүргізуде ерекше рөл атқарды. Ол әртүрлі қызметтер мен ведомстволар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін үйлестіру орталығына айналды. Бұл күштерді зардап шеккен өңірлерге барынша тез жіберуге және зілзала салдарын  азайтуға мүмкіндік берді.

  Ақмола облысындағы «Астана-Петропавл» тас жолындағы ірі жол-көлік оқиғасы құтқарушылардың табысты жұмысының жарқын мысалы болды. Оқиғаның салдарын жоюға 152 адам мен 68 бірлік техника жұмылдырылды.  Жедел жұмыстың арқасында құтқарушылар 86 адамды, оның ішінде балаларды эвакуациялап, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген жылыту пункттеріне орналастырды.

  Тағы бір оқиға Қостанай облысында болды. «Алматы-Екатеринбург» тас жолында қар құрсауында қалған автобус шығарылды, оның жолаушылары Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары болған. Қарағанды облысының маңында сол тас жолда тағы бір осындай оқиға болды. Онда құтқарушы Сымбат Ещанов ештеңе көрінбейтін қатты боран кезінде техниканың алдында жүріп, жолды көрсетіп ерлік жасады. Көрсеткен ерлігі  үшін ол Президенттің Жарлығымен «Ерлігі үшіні медалімен наградталды.

  Маңғыстау облысында құтқарушылар балшықта тұрып қалған фуралардың  жүргізушілеріне де көмек көрсетті. Барлық ауыр жүк көліктерін сүйреп шығарып, жүргізушілердің жылынуына жағдай жасады. Ал Қостанай облысында трэкол жарысқа бара жатып, жолда қалған  автобустардан  мектеп оқушыларын эвакуациялауға көмектесті.

  Республикалық маңызы бар трассалар жабылып, көріну нашарлаған кезде ТЖМ авиациясы белсенді қызмет көрсетті. «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары ауыр науқастарды, жаңа туған балалары бар әйелдерді эвакуациялап, оларды медициналық мекемелерге жеткізіп, осылайша адамдардың өмірін арашалап қалды.

  Осы мысалдардың барлығы ТЖМ басшылығының материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша ұстанған бағытының дұрыс екенін көрсетеді. Қыста зардап шеккендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 41%-ға азайды. Бұл құтқару бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының, жеделдігінің және техникалық жарақтануының арқасында мүмкін болды.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/971775?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді