ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 31 наурызында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешовтың төрағалығымен аса қауіпті организмдермен күресу үшін ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізуге құрылған штаб мүшелерімен марокко шегірткесіне қарсы атқарылатын фитосанитариялық іс шаралар барысы жөнінде талқыланды. Жиналыс барысында аса қауіпті зиянды организмдердің көктемгі – күзгі күбіршелердің ошағын анықтау-зерттеу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы аудандық болжам орталығының маманы Б.Базылхан хабарлама жасады. Аудандық аумақтық инспекциясының өсімдік қорғау инспекторы Н.Оразбаев ағымдағы жылы химиялық өңдеу жұмыстарына бекітілген мердігерлер мен қатысатын техникалардың дайындығы, химиялық өңдеу жұмыстарына қажетті су көздері («Жығалымырза» ш/қ, «Құдайберген» ш/қ құдығы мен Жаушықұм су торабы), химиялық өңдеу жұмыстарына қажетті қолданылатын перепараттар туралы баяндап өтті. Жаушықұм ауыл округінің әкімі Н.Нұрсейтов Жаушықұм ауыл округі аумағындағы 43 мың гектар жерге анықтау-зерттеу жұмыстарын ауа-райының жылынуына байланысты сәуір айының І онкүндігінде бастап, анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізетін 15 азаматты тасымалдауға қажетті автокөліктер жұмысқа дайын екендігін айтып өтті. Жиналыс төрағасы штаб мүшелеріне аса қауіпті өсімдік зиянкестеріне қарсы жүргізілетін фитосанитариялық қадамдық іс-шаралар бойынша тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін пысықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/972124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді