ШҚО ТЖД құтқарушылары мектеп оқушыларымен қауіпсіздік сабағын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру болды. Сабақ барысында ТЖД мамандары оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өрт кезінде әрекет ету тәртібі туралы түсіндірді. Сондай-ақ, өрттің жиі шығу себептері – отты абайсыз пайдалану, электр жабдықтарын дұрыс қолданбау және балалардың тентектігі екенін атап өтті.

Оқушыларға мектеп ғимаратында өрт шыққан жағдайда дабыл дыбысын естіген сәтте мұғалімнің нұсқауына бағынып, қауіпті аймақтан шығу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, өрт сөндіргішті дұрыс қолдану тәсілі көрсетілді.

Ұлдар мен қыздарға төтенше жағдайлар қызметінің 101 және 112 нөмірлерін естерінде сақтау қажет екені ескертілді, бұл нөмірлер арқылы олар көмек сұрай алады.

Маңызды сабақ балалар үшін қызықты әрі пайдалы өтті. Олар көп сұрақ қойып, жан-жақты жауаптар алды. Балаларды мынадай сұрақтар қызықтырды: құтқарушылар түтінге толы жерде қалай жұмыс істейді? және шақырту түскен сәттен бастап қанша уақыт ішінде жетуі тиіс?

Сабаққа ШҚО ТЖД-ның Мамандандырылған жасағының өрт сөндірушісі Азамат Ақаев қатысты. Ол балаларға өртпен күрес кезінде қолданылатын жауынгерлік киім-кешекті көрсетті және құтқарушылардың кеңестерін сақтау – қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесетінін ерекше атап өтті.

Сабақ соңында балаларға өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы кейіпкерлер баяндаған, құтқарушылар әзірлеген жаңа анимациялық мультфильм көрсетілді.

Бұдан бөлек, облыс оқушыларымен онлайн-платформада ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары интерактивті сабақ өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/971072?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді