Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою Ақмола облысында талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Ақмола облысының әкімдігінде спортты қаржыландыру саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырған кеңес өтті.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова, өңірдің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин, сондай-ақ уәкілетті органдар мен спорт ұйымдарының өкілдері қатысты.

Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов баяндама жасап, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, спорт клубтарын құру жолымен қосарланған қаржыландыру тәуекелдері, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде үлестестік белгілері және т.б. сияқты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ұсынды.

Бұдан басқа, спорт ресурстарын басқаруды оңтайландыруға, қаржы қаражатын бөлу кезінде ашықтықты арттыруға, сондай-ақ спорт ұйымдарының комплаенс-офицерлері тарапынан ішкі мониторингті нығайтуға бағытталған ұсынымдар қаралды.

Спорттың 6 ұйымында жалақыны, іссапар төлемдерін есептеу кезінде ұрлық фактілерін жоюға бағытталған бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелері енгізілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/972331?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді