Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының дін істері басқармасы мен Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шарада еңбек шарты негізінде белгілі бір лауазымдарды атқаратын қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауындағы мүдделер қақтығысы және мүдделер қақтығысының ережелерін сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі түсіндірілді, мүдделер қақтығысының типтік жағдайларына шолу жасалды және мүдделер қақтығысын шешудің ықтимал тәсілдеріне талдау жүргізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың бұзылуына қатысты шараларды уақтылы қабылдауға қатысты түсіндірме берілді. Сонымен қатар, нормативтік, стандарттық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ережелерінің талаптарын сақтау туралы айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/971138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді