
Аудан әкімінің орынбасары Ахмет Әсетұлының төрағалығымен “Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою” жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері толық қатысты.
Күнтәртібі аясында Ақсуат ауданының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу жөніндегі қауіпсіздік іс-шараларымен қамтамасыз ету мәселесі қаралып, талқыланды. Осы мәселеге байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мақсат Иманғажы баяндама жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/973610?lang=kk

Жауап қалдыру