ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 16-ШЫ ЖАС САҚШЫ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастамасымен Сайрам ауданында кезекті “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды. Жастарды өз Отанын сүюге және ел тыныштығын күзету шарада сыныпқа аудандық полиция басқармасы бастығы қызметін атқарған, құрметті азамат, полиция полковнигі Мәлік Оразалиевтің есімі берілді.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, Полиция департаментінің өкілі Ерлан Шамшат, Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, полиция басқармасының бастығы Мұрат Ермеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Данышпан Андасбеков пен марқұм Мәлік Оразалиевтің ұл-қыздары қатысты.
Сыныпты ашудағы басты мақсат – жастар арасында қазақстандық полицияның имиджін арттыру, батылдықты насихаттау, оқушыларды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу. Біз сіздерге үлкен сенім артамыз, -деп жастарға қолдау білдірген Оспанғазы Жанқожаев сыныпқа есімі берілген Мәлік ағамыз жайлы да жылы естеліктерімен бөлісті.
Жиын соңында полиция сыныбының 30 оқушысы өз Отанының қорғаушысы болуға, оқуда және қоғамдық өмірде белсенді болуға ант беріп, «Жас сақшы» қатарына қосылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/972236?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді