Тұрақтылық пен даму жолындағы жаңа бағыттар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Ұлттық Құрылтайдың ақпараттық қамтамасыз етілуіне арналған «Тұрақтылық пен даму жолындағы жаңа бағыттар» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға «Respublica» партиясы» Жастар қанатының төрағасы Талғат Дайян, Shakarim University оқытушысы Айзат Амантайқызы Мұқатаева, №31 ЖОББМ тарих пәнінің оқытушысы Гаухар Қанатқызы Нысанбаева, Семей қаласының жастар ресурстық орталығының мамандары мен университет студенттері қатысты. .

Шара барысында кітапхана қызметкері  билік пен халық арасындағы сенімді диалог орнататын, ұлттық мүдде жолында маңызды шешімдер қабылдайтын және халықтың береке-бірлігін сақтауда маңыздылығы орасан зор Ұлттық құрылтай туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, Ұлттық құрылтай халқымыздың жетістігі және еліміздің тұрақты дамуын қолдайтын маңызды оқиға екенін атап өтті.

Әрі қарай, сөз кезегін алған Талғат Дайян жыл сайын өткізіліп келе жатқан Ұлттық құрылтай отырысы ел дамуына қатысты өзекті мәселелермен қатар, жастарға арналған бағдарламалар, олардың білім алуы, ғылыммен айналысуы секілді және қоғамның барлық саласын жаңғыртуға бағытталған маңызды алаң болып табылатынын айтты.

Өз кезегінде Айзат Амантайқызы Мұқатаева Қазақстанды жаңа биіктерге көтеруге бағытталған Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан көптеген бағыттарына және оның мәні мен маңызының қаншалықты жоғары екендігі туралы өз пікірін білдіре келе, кітап пен кітапхананың қоғамдағы орнын ерекше атап көрсетуі жастар үшін өте маңызды екенін, ұлттың рухани құндылығы кітап оқумен тікелей байланысты, сондықтан жаппай кітап оқитын ұлтқа айналуымыз қажет екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел жалғасында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, еліміздің болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар Мемлекет басшысының құрылтайда айтылған негізгі бастамаларына қолдау білдіретіндіктерін және оларды іске асыруға белсенді қатысуға ниетті екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/974684?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді