
Машақов Боранбай 1926 жылы Шалқар ауданына қарасты «Қызыл Ту» колхозында дүниеге келген. Тыл және Еңбек ардагері.
Еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдары бастаған. Сол уақыттан бастап колхозда күндіз-түні еңбек еткен. Жерге тұқым себу, егін егу, түйе, өгіздерге соқа жегіп, жер жыртқан. Егіннен алған өнімдерді жинап, Шалқар қаласындағы астық қабылдау пунктіне түйе арбалармен апарып тапсырған. Сонымен қатар жазда шөп шауып, шабылған шөптерді тырмалап, шөмеле жасап, баздарға тасыған. Мал су ішетін құдықтарды қолмен қазып, малдарды қолмен суарған.
Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін Жаңақоныс кеңшарына қарасты Қопасор елді мекенінде ферма меңгеруішісі болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан.
Еңбек еткен жылдары «Еңбек ардагері» тағы да басқа көптеген Ұлы Жеңістің мерекелік медалдарымен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/972880?lang=kk

Жауап қалдыру