
2025 жылдың 27 наурызында «No1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жанындағы ресурстық орталық базасында Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен алғаш рет «Үздік дефектолог-логопед» байқауы өтті. Бұл іс-шара тәжірибе алмасудың, кәсіби дағдылар және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің инновациялық әдіс-тәсілдерін көрсетудің маңызды алаңына айналды.
Байқауға Балқаш қаласындағы мектептерден 10 арнайы педагогі қатысты. Байқау ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің озық әдістерін анықтауға кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды. Ол, бірнеше кезеңнен тұрды:
Бірінші кезеңі – қатысушылардың өтінімдері мен портфолиоларын қарау.
Екінші кезең – ашық сабақтар, шеберлік сабақтары және әдістемелердің презентацияларын өткізу.
Қорытынды кезең – қорытындылау, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау.
Қатысушылар визитка, жұмыс тәжірибесімен таныстыру, шеберлік сабақтар бойынша 3 тур бойынша бақ сынасты.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1-орын «Абай атындағы №2 мектеп-лицей» КММ-нің арнайы мұғалімі Ә.Д. Жүнісбек, 2-орын «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-нің логопед С.С. Мукашбекова және «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің арнайы педагогы К.А.Тылеубекова. 3 орын иегерлері «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің арнайы педагогы Ж.Ж. Каукербекова және «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің арнайы педагогы А.О.Сулейменова. Сонымен қатар, үздік инновациялық көзқарас, үздік практикалық белсенділік және кәсіпті дамытуға қосқан үлесі үшін бөлек номинацияларға да ие болды.
Байқауды ұйымдастырушылар, Балқаш қаласының білім бөлімінің әдіскері М.О. Жунусова және «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы ресурстық орталығы инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін барлық қатысушыларға, қазылар алқасының мүшелеріне алғысын білдіреді. Бұл байқау дәстүрге айналып, кәсіби қауымдастықтың одан әрі дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-balhash/press/news/details/972425?lang=kk

Жауап қалдыру