
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Astana Venue Management» ЖШС қызметкерлеріне арнап сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлердің заң талаптары мен этикалық нормаларды сақтау жауапкершілігін арттыру.
Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор өкілдеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілдері, заңнамалық өзгерістер мен практикалық ұсыныстар туралы ақпарат берілді.
Аталған шараға қатысушылар сұрақтар қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілінен нақты жауаптар алды. Бұл дәріс сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ашықтық қағидаттарын енгізу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-astana/press/news/details/971100?lang=kk

Жауап қалдыру