«Заң мен тәртіп»: Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу құралдары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Ұлытауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу құралдарын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.
   Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының алдын алу мен реттеудің өзекті мәселелерін талқылау болды.
   Іс-шараға департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов, облыс әкімі аппаратының басшысы Кеңгірбай Коңыров, Астанадан келген сарапшылар мен бизнес-тренерлер, сондай-ақ Ұлытау облысының түрлі басқармалары мен мемлекеттік органдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
   Жоғары аудиторлық палата жанындағы зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Мадина Наурызбек , сондай-ақ, аталған Орталықтың ғылыми хатшысы, PhD докторы Бауржан Бокаев өз сөздерінде мүдделер қақтығысын реттеу маңыздылығын атап өтті.
​   Сондай-ақ, мүдделер қақтығысының түсінігі, заңнамалық реттелуі және оның салдарынан туындайтын тәуекелдері талқыланды.
​   Мемлекеттік қызметшілердің мүдделер қақтығысына жол бергені үшін жауапкершілікке тартылу жағдайлары бойынша мысалдар келтірілді, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы ҚР Кодексінде көзделген санкциялар жөнінде ақпарат ұсынылды.
   Қатысушылар заңнаманың теориялық аспектілерін ашып қана қоймай, практикалық тәжірибелерімен бөлісуге, мемлекеттік қызметшілердің алдында тұрған проблемалық нүктелерді анықтауға және оларды шешудің нақты тетіктерін ұсынуға тырысты.
​   Мүдделер қақтығысына жол бермеу және оны реттеудегі басшылардың рөліне мән берілді.
​   Іс-шара соңында мекеме басшыларына әдістемелік көмек көрсетіліп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/974836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді