«Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету – ортақ мақсат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған ықпал ететін себептерді жою мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамымен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында департамент басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы негізгі ұғымдар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдары мен оларға қолданылатын жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері арасында тіркелген құқықбұзушылық фактілері мен олар бойынша тергеу нәтижелері қаралып, осындай жайттардың алдын алу бағытында нақты ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, бекітілген меморандум аясында арнайы жоспар әзірлеп, қадамдық алгоритм аясында превентивтік жұмыстарды екі тарап бірлесе жүзеге асыру туралы ұсыныс енгізілді.  

Кездесу соңында қатысушыларға тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың мәні мен қауіптілігі түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

Бұл кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ішкі істер органдарындағы ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/970331?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді