
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қатысуышыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, превентивті шаралар, жемқорлық үшін жауапкершілік пен оның ерекшелігі, заңнамадағы өзгерістер және басқа да маңызды мәселелер жөнінде ақпарат ұсынылды.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызына назар аударылды. Бұл – жемқорлыққа төзбеу, оның кез келген көрінісіне қарсылық таныту және сананы өзгерту, азаматтардың сеніміне нұқсан келтірмеу, қызметті жеке пайдасының құралы ретінде емес, елдің алдындағы жауапкершілік ретінде сезіну.
Қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтудағы мемлекеттік қызметшілердің рөлі атап өтілді.
Отырыс соңында қатысушылар салаға қатысты сұрақтарына жауап алды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/971322?lang=kk

Жауап қалдыру