«Заң және тәртіп»: мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы практика бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қазынашылық, ішкі мемлекеттік аудит және мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинар ұйымдастырды.         

Аталған шара мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттандыруды арттыруға бағытталған. Семинарға өңірдің түрлі мемлекеттік құрылымдарының 40 өкілі қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  заңнамасының өзекті ережелерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері және  тетіктерімен танысты.

Мемлекеттік органдардың жұмысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және адалдық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибені дамыту және мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық ақпараттық деңгейді арттыру бойынша ұсынымдар жасалды. Бұл азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

 

#Адал_қызмет

 

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/970523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді