Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық маусымдағы іс-шаралар туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кешенді жоспарын орындау аясында, Жамбыл облысының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу басталды.

     «Мойынқұм, Шу, Сарысу, Талас, Жамбыл, Байзақ аудандары мен Тараз қаласының табиғи ошақтарында қоныстанған халықты қорғаудың 2025 жылға арналған бірінші кезектегі іс-шаралары туралы» кешенді жоспарына сәйкес, эпидемиологиялық маусымды болжау мақсатында, ағымдағы жылдың наурыз айының басынан бастап, «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының мамандары көктемгі далалық барлау жұмыстарын бастады. Бүгінгі таңда 16 мыңнан астам дана кене жиналып, 1000-нан астам сынамасы зерттелді, оның 49 сынамасында оң нәтижелер анықталды.

     Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап, мүдделі ведомстволар мен қызметтердің жұмыс тобы құрамымен, ҚҚГҚ-ның табиғи ошағында кенеге қарсы өңдеудің тиімділігін бағалау үшін өңдеуге дейінгі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда, Байзақ, Мойынқұм, Шу, Сарысу аудандары мен Тараз қаласының 18 елді мекені қамтылды.

     Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/973038?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді