
2025 жылдың 1 тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының басшылығымен 25 жеке қабылдау жүзеге асырылды, оның ішінде жеке тұлғалар – 22 және заңды тұлғалардың өкілдері – 3.
Департамент және оның аумақтық басқармалары Бірінші басшылардың азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдауларын өткізудің тоқсан сайынғы кестелерін, сондай-ақ мамандар тарапынан консультациялар беру кестелерін тұрақты негізде бекітеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі Департаменттің веб-ресурсында жарияланды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық стендтерінде орналастырылды.
Тұрақты қабылдаулар мен консультациялардың мұндай жүйесі мемлекеттік органдар мен қоғам арасында диалог орнатуға ықпал етеді, сондай-ақ ағымдағы проблемаларды шешуге және тараптар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Кері байланыс үшін Департаменттің интернет-сайтында «Байланыстар» бөлімінде қабылдау бөлмесінің, кеңсенің телефон нөмірлері, сондай-ақ сенім телефоны мен аумақтық басқармалардың мекенжайлары орналастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/971215?lang=kk

Жауап қалдыру