
“100 нақты қадам Ұлт Жоспарының” 97 қадамын орындау үшін Үкіметте бюджеттің төртінші деңгейін қалыптастыруға қатысты жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі заң жобасы қол қою сатысында. Осы жоба шеңберінде 2018 жылдан бастап дербес бюджетті енгізу және коммуналдық меншікті аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейіне халық саны 2 мың адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде беру болжанып отыр.
Осыған байланысты, бюджеттік жоспарлау, кассалық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша ауыл әкімдері аппараттарының мамандарын даярлау мақсатында Ақмола облысы бойынша Бас прокуратураның экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының, статистика және арнайы есепке алу басқармасының, Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлерінен тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Заң жобасын түсіндіру мақсатында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша осы топтың шығуының желілік кестесі әзірленді.
Бурабай, Зеренді аудандарында және Көкшетау қаласында семинар-кеңестер өткізілді.
Семинар-кеңестер барысында “жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру”, “бюджетті қарау, бекіту”, “штаттық сан және МӘМ органдарын жарақтандыру мәселелері”, “әкімшілік есепке алуды жүргізу (Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мәліметтерді Деректер базасына енгізу тәртібі)”, “ауылдың бекітілген бюджетін орындау”тақырыптары түсіндірілді.
Семинар-кеңеске аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, мамандары, бухгалтерлері, бөлім басшылары белсенді қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34834?lang=kk

Жауап қалдыру