
Астана қаласы санитариялық – карантиндік бақылау бөлімінің Қарағанды қаласының санитариялық-карантиндік бақылау маманы «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ әуежай қызметкерлері, «Қарағанды» шекаралық бөлімінің қызметкерлері арасында «Марбург вирусы: эпидемиологиясы, клиникасы және алдын алу шаралары» бойынша семинар ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың, соның ішінде Марбург вирусының таралуына жол бермеу.
Семинар барысында Марбург вирусының эпидемиологиялық ахуалы, алғашқы белгілері, клиникалық көріністері, аурудың берілу жолдары, сондай-ақ алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар туралы жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, инфекцияға күдік туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі бойынша алгоритмге сай дұрыс қимылдау қажеттілігі түсіндірілді.
Семинарға қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/975254?lang=kk

Жауап қалдыру