Н. Тлендиев даңғылында жаңа жасыл жолақ пайда болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордадағы Сарыарқа ауданында Н. Тлендиев даңғылы бойындағы бөлінген жолақтарды көгалдандыру жобасы басталды. Жұмыстар Көктал көшесінен көпірге дейінгі аралықты қамтиды.

 

Абаттандыру аясында бос жатқан тас төсемі жолағының орнына шамамен 500 кеңжапырақты қарағаш, сондай-ақ, сәндік-гүлді бұталар отырғызылады. Жасыл жолақ даңғылға көрікті әрі эстетикалық реңк беріп қана қоймай, экологиялық жағдайды жақсартып, шаң мен көше шуын азайтуға ықпал етеді.

 

Айта кетейік, 2024 жылы дәл осы даңғыл бойында Баршын көшесінен Қ. Күмісбеков көшесіне дейін жалпы ұзындығы 12 км болатын жаяу жүргінші жолдары жаңартылған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/975154?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді