Орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытытын мектептердегі орыс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды ​​қаласында 2025 жылғы 7-11 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​ғылыми-зерттеу университетінде 9-11 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 173 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Сонымен қатар, олимпиада арқылы дарынды балаларды анықтап, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.

Павлодар облысын намысын қорғаған 9 оқушы 5 медальға ие болды:  3 алтын, 1 күміс және 1 қола.

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша алтын медальдарына және І дәрежелі дипломдарына «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11, 10 сынып оқушылары Қайырбек Аяна (мұғалімі Куставлетова А.Б.), Ахмедиева Адия (мұғалімі Жанғазы Г.С.), және дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Зубчик Василиса (мұғалімі Осипенко А.М.) ие болды.

Күміс медалімен және II дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Бекбулатқызы Бинұр (мұғалімі Осипенко А.М.) иеленді.

Қола медаль және III дәрежелі диплом иегері-дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Жуспекова Алина (мұғалімі Жусупова М. У.).

«Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11  сынып оқушысы Бондаренко Карина (мұғалімі Сурмий Т.М.) марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/975106?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді