
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаев және бөлім басшысы Дмитрий Арнт мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында көшпелі кеңес өткізді.
Басқарма мамандарымен қызметтік этика нормаларының сақталуы, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында ұжымда анонимді сауалнама жүргізілді. Мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар толығымен берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/975510?lang=kk

Жауап қалдыру