ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ “КЕЛ ДОСЫМ ШАРДАРА” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
9 сәуір күні аудандық мәдениет сарайында шағаласы шалқыған шежірелі өлкенің құрылғанына 60 жыл толуына орай, композиторларға арналған облыстық «Кел, досым Шардараға» атты байқауы жоғары деңгейде өтті. Облыстық байқауға әрбір аудан, қаладан келген, талантты композиторлар қатысты. Аталған байқауды Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы, ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазылық жасаған алқасының құрамы: қазылар алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, продюсер, Түркістан облысының мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры – Алиакбаров Мейіржан Нұрғалиұлы;Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, композитор, қазылар алқасының мүшесі – Бекжігіт Сердәлі Кенжебекұлы; Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Алаш, Төлеген Айбергенов атындағы және «Серпер» жастар сыйлықтарының иегері қазылар алқасының мүшесі – Әлібек Шегебай; Ақын, «Казимпэкс – Ақтау» қорының директоры, Экономика ғылымдарының кандидаты, қазылар алқасының мүшесі – Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлы. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін сараптап төмендегіше жүлделі орындарды бекітті.
Бас жүлде Мақтаарал ауданынан Байдуллаев Серғазы Жарқынбайұлы, І орын Түркістан қаласынан Тұрманов Анарбай Әбілқасымұлы, Ⅱорын Шардара ауданынан Молдагулов Ахмет Мамырұлы, Келес ауданынан Нұрханов Заман, Ⅲ – орын Кентау қаласынан Ширинбеков Ерғали Джуманұлы, Шардара ауданынан Роза Шығанақова, Сауран ауданынан Әлібеков Шерхан Шәкірұлы, Шардара ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен Жетісай қаласынан Спанов Қуаныш Оралович, Түркістан облысы мәдениет басқармасының арнайы жүлдесімен Бәйдібек ауданынан Шынәлиев Ахан Күмісбекұлы, Түркістан облысы халық шаруашылығы орталығының арнайы жүлдесімен Шардара ауданынан Ибадуллаев Мейірбек Әбіләмитұлы марапатталды. Қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/975190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді