
Бүгін Мемлекет басшысының экологияға бағытталған саясатын қолдай отырып, елімізде кең көлемде жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауданымызда кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары Қасқасу – “Сайрам-Өгем” мемлекеттік ұлттық паркіне (Кемпинг бағыты) бағытталды. Бұл аймақ – табиғаты әсем, туризмге қолайлы аумақтардың бірі болғандықтан, қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау ерекше маңызға ие.
Аудандық сенбілікке мәслихат аппаратының қызметкерлері белсене қатысып, өз үлестерін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/975555?lang=kk

Жауап қалдыру