
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сондай-ақ заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайту мақсатында өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға Превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов қатысып, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша баяндама жасады.
Семинар барысында спикер құтқару қызметтерінің қызметіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар етті, сондай-ақ қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын енгізуге назар аударды.
Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға ҚР-ның 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері, өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің карталары және әкімшілік практика түсіндірілді.
«Сыбайлас жемқорлықтың жол бермеу әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінен басталады», — деп атап өтті Абай Жаналинов.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/975282?lang=kk

Жауап қалдыру