Жағатал ауылдық округінде сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жағатал ауылдық округінде сенбілік өтті.

Алакөл ауданы бойынша 2025 жылғы сәуір айынан бастап «Ауданның елді мекендерінде көктемгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру» айлығы бастау алды. Осыған орай мамыр айына дейінгі кезең санитарлық тазалық айлығы болып белгіленді.

Жалпы округ бойынша әр сенбі – сенбілік күні деп жарияланды. Бұл шараның негізгі мақсаты – ауыл көшелерін, мекеме маңдарын, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, көктемгі көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы ауылдың эстетикалық келбетін жақсарту, халықты табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға шақыру.

Бүгінгі сенбілікке Қазақстан ауылының мекемелері белсене қатысып, өз ғимараттарының айналасын тазалап, тал-теректерді әктеп, қоқыстарды жинастырды. Сонымен қатар Қайрамбек көшесінің тұрғындары да белсенділік танытып, өз көшелерінде тазалық жұмыстарын атқарды.

Мұндай шаралар ауыл халқының бірлігі мен ұйымшылдығын арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайта түсетіні сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/974996?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді