
Жанама ауылдық округінде Алакөл ауданының Қарабұлақ ауылының құрметті азаматы, спорт жанашыры әрі кәсіпкер Амантай Мұхаметханұлы Сетербаевты еске алуға арналған 50 жастан асқан ардагер волейболшылар арасында аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Бұл шараға аудан бойынша бірнеше команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
– 1 орын: «Екпінді» командасы
– 2 орын: «Үшарал» командасы
– 3 орын: «Қызылащы» командасы
Сонымен қатар, арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
– «Үздік шабуылшы»: М.Тумабаев
– «Үздік қорғаушы»: А.Байдилдаев
– «Үздік төреші»: А.Сырлыбаев
Жеңімпаздар мен марапат иелеріне ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Бұл турнир ардагерлердің спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жастарға үлгі болуда маңызды рөл атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/975499?lang=kk

Жауап қалдыру