
«Семей медицина университеті» КЕАҚ алаңында Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) басшысы Н.С.Ибраев Павлодар облысы департаменті басшысының орынбасары К.З. Ақшабаевамен бірлесіп «Фармация» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінің курстарын аяқтайтын студенттермен кездесу өткізді.
Бұл кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметке жас мамандарды тарту.
Департамент басшысы қызмет, функционалдық бағыттар, құрылым, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы айтып берді.
Кездесу қызықты тақырыптар бойынша «сұрақ-жауап» форматында жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/974488?lang=kk

Жауап қалдыру