
🔹️Аурухана, санитария, көше тазалығы: Аудан басшысы нақты тапсырмалар берді
Аудан әкімі Медет Ысқақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтіп, маңызды мәселелер талқыланды.
Күн тәртібінде:
1️⃣ Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай
Мәртөк аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы Айгүл Баянқызы Шарафутдинова 2025 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады. Мәртөк ауылының ауыз су сапасы мен сауда кешендеріндегі санитарлық ахуалға ерекше назар аударылды.
2️⃣ Денсаулық сақтау саласы
Мәртөк аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрсейіт Жиенғалиұлы Кішкентаев денсаулық сақтау көрсеткіштері бойынша есеп берді. Аудан әкімі скринингпен тұрғындарды толық қамтуды тапсырды.
3️⃣ Санитарлық тазалық және көгалдандыру
Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Хасенұлы Әлжан елді мекендерді санитарлық тазалау және ағаш егу жұмыстары туралы баяндады. Екі айлық тазалық маусымы аясында апталық мониторинг жүргізіліп, полиция бөлімімен бірлесіп ескерту шаралары жүзеге асырылатын болады.
Жиын қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғаларға жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу міндеттелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/977692?lang=kk

Жауап қалдыру