15 сәуір Қозы көрпеш-Баян сұлу ғашықтар күніне орай кіші футболдан ауыл жастары арасында жарыс өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 сәуір күні Қорағаты ауылының орталық кіші футбол алаңында спорт әдіскері А.Мектепбаевтың ұйымдастыруымен 15 сәуір «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар күніне орай кіші футболдан ауыл жастары арасында жарыс өткізілді. Жарысқа Қорағаты ауылы, станция Қорағаты, Аққайнар елді мекендерден құралған жалпы 8 команда қатысты. Бірінші орынды Қорағаты жастары командасы, екінші орынды 1991 жылғылардан құралған команда, үшінші орынды станция Қорағаты жастары иемденді. Орын алған командаларға демеушілік тарапынан ақшалай сый-сияпатпен және грамоталарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-koragaty/press/news/details/977241?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді