2025 жылғы 31 наурызынан 11 сәуірі аралығында қаланың 12 мектебінде “Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету” тақырыбында семинарлар өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету және әрбір бала үшін бақытты балалық шақты қамтамасыз ету-мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

📎Сынып жетекшілердің білім беру ұйымдарының қабырғасында және одан тыс жерлерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында “Шахтинск қаласының білім бөлімі” ММ әдіскері З.А.Сексенова және Шахтинск қаласы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлары А.В.Таукенова, Ш.С.Спатаева, А.Н.Магиланова 2025 жылғы 31 наурызынан 11 сәуірі аралығында қаланың 12 мектебінде “Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету” тақырыбында семинарлар өткізді.

📎Семинар барысында сынып жетекшілер Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерімен танысты, сондай-ақ келесі мәселелер талқыланды: сынып жетекшілердің оқушыларға қатысты құқықтары мен міндеттері, ата-аналар жұртшылығымен өзара іс-қимыл жасауы, сонымен қатар сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсету.

📎Семинар аясында қамту 356 сынып жетекшілерді құрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/976033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді