
Ағымдағы жылдың 16сәуірінде Бесқарағай ауданында тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің, мемлекеттік аудит тобының, аудан әкімінің және оның орынбасарларының, аудандық мәслихат төрағасының, әкім аппараты басшысының, сондай-ақ ауданның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларымен бухгалтерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты Бесқарағай ауданындағы мемлекеттік ұйымдардың бюджет қаражаты мен активтерін басқару тиімділігін арттыру болды.
Кездесу барысында тексеру комиссиясының мүшесі А.А. Өміртаев аудит объектілерінде мемлекеттік аудит шеңберінде анықталған жүйелі бұзушылықтармен қатысушыларды хабардар етті. Бұл ретте оларға бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде мекемелердің қызметінде көрсетілген бұзушылықтардың алдын алуға және жол бермеуге бағытталған нақты ұсынымдар берілді.
Қаржылық тәртіпті нығайту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Ауданның жергілікті атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік ұйымдарының өкілдері, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырылды.
Тексеру комиссиясының мүшесі Е. Д. Битөлеуов аудандағы ағымдағы мемлекеттік аудит барысында анықталған проблемалық мәселелерге қатысушылардың назарын аударып, олардың алдын алуға және одан әрі жол бермеуге бағытталған бірқатар ұсыныстарын айтып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/978046?lang=kk

Жауап қалдыру