
Абай облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті өңірдің Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған кеңес өтті.
Іс-шара спорт саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге және спорт ұйымдары мен секцияларын қаржыландыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға арналды.
Кеңес барысында спорт саласында ықтимал жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу шаралары талқыланды. Атап айтқанда, оқу‑жаттығу жиындарын ұйымдастыру және спорт нысандарын жалға алу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, спорттық атақтарды жалған беру және спортшыларды натурализациялау кезінде ашықтықтың болмауы, сондай-ақ бұқаралық және кәсіптік спорт арасындағы қаржыландыру теңгерімсіздігі сияқты осал бағыттар туралы сөз болды. Қатысушылар мұндай көріністердің жүйелі алдын алудың және ерте әрекет ету тетіктерін әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.
Басым шаралар ретінде бухгалтерлік есеп жүргізу және бюджет қаражатын ашық бөлу үшін цифрлық платформаларды енгізуді жандандыру, спорт саласындағы мемлекеттік сатып алуды бақылауды күшейту, сондай-ақ спорт ұйымдарындағы комплаенс-офицерлердің қызметі арқылы тұрақты ішкі мониторингті қамтамасыз ету ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Нұржан Толыбеков «Заң мен Тәртіп» қағидатын қатаң сақтау, сондай-ақ қаржы ағындарының толық ашықтығы кезінде ғана спорттың тұрақты дамуын, қоғамның сенімін және жас спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болатындығын ерекше атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-abai/press/news/details/978237?lang=kk

Жауап қалдыру