Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков халықаралық конференцияда баяндама жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Ғылымдағы, техника мен индустриядағы жасанды интеллект және кері есептер» тақырыбындағы Еуразиялық халықаралық ғылыми конференцияның ашылу салтанатында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков сөз сөйледі.

Өз сөзінде Бекболат Молдабеков жасанды интеллекттің қазіргі заманғы ғылым мен өндірістегі маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттың мемлекеттік деңгейде стратегиялық мәнге ие екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол цифрлық трансформация мен технологиялық жаңғырту саласындағы Қазақстанның жетістіктері мен алдағы жоспарларына тоқталып өтті.

Конференция отандық және шетелдік ғалымдарды, сарапшыларды бір алаңда тоғыстырып, ғылым мен индустрияның болашағын цифрландыру бойынша өз ойларын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/976094?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді