
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Өндіріс ауылдық кітапханасында «Әнмен өрілген бірлік» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға ауылдың белсенді оқырмандары мен ардақты аналар қатысты.Кеш барысында қатысушылар әртүрлі ұлттардың халық әндерін орындап, ел ішіндегі татулық пен достық туралы жылы лебіздерін білдірді. Ән мен әңгімеге толы басқосу көпұлтты еліміздің бір шаңырақ астындағы бірлігін, өзара сыйластық пен татулықты паш етті.Шара соңында қатысушылар бір-біріне ақ тілектерін арнап, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/979104?lang=kk

Жауап қалдыру