
Аталған білім ошағы 1989 жылы салынған. Содан бері мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтпеген.
Әсіресе, жылу қазандығының тозығы жетіп, қазіргі таңда оқу үдерісіне айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.
Мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту, қауіпсіз және қолайлы оқу жағдайларын жасау қажеттігі туындап отырғаны әкім назарына ұсынылды.
Іссапар барысында облыс әкімі бұл мәселелерді назарға алып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/976580?lang=kk

Жауап қалдыру