Алматыда «Ми құпиялары» атты халықаралық форум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы сәуірдің 17-сінде Алматыда «Ми құпиялары. Мультидисциплинарлық форум» атты халықаралық конференция өтті.
Іс-шараны «Азиялық Жүрек пен Ми Қоғамы», Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ҚЖШККА) және Инсульт мәселелері жөніндегі республикалық орталық ұйымдастырды.

Форумға Қазақстан, Ресей, Украина мен АҚШ-тан 300-ге жуық маман қатысты. Неврологтар, кардиологтар, психиатрлар, терапевтер мен оңалтушылар неврологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалту тақырыптарын пәнаралық тұрғыда талқылады.

Алғы сөз сөйлеген ҚЖШККА директоры Алмаз Джувашев Қазақстанда инсульт дерті жасарып келе жатқанын айтып, жыл сайын 42 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелетінін жеткізді. Клиникада тромболизис пен шұғыл емнің арқасында инсульттен өлім-жітім 4,7%-ға дейін төмендеген.

Инсультті дифференциалды диагностикалау секциясында нейроинсульт орталығының меңгерушісі Лаззат Аяганова сирек кездесетін – Крейтцфельдт-Якоб ауруының инсультке ұқсас клиникалық жағдайын ұсынды. Орталықта 30 төсек-орын бар, 2024 жылы мұнда 1163 науқас емделген.

Конференция медицина мамандары үшін тәжірибе алмасатын, халықаралық байланысты нығайтатын маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/978634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді