
Аманқарағай ауылында абаттандыру бойынша рейд жүргізілді. Іс-шара барысында аумақтарды қоқыстан тазарту жағдайы, сондай-ақ санитарлық нормалардың сақталуы тексерілді. Қосымша назар аумақтардың жапсарлас жерлерін тазалауға және жасыл аймақтарды абаттандыруға аударылды.
Рейд нәтижесінде көрші аумақтарды тиісінше күтіп-баптамаған тұлғаларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ауыл тұрғындарынан өз үйлерінің маңайында сенбілік өткізіп, аумақты тазарту сұралады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/978547?lang=kk

Жауап қалдыру