
Арал-Сырдария бассейндік инспекцияның бас мамандары Ж.Нұраддин мен Ж.Аманжол және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушылары Г.Калманова мен Г.Алдабергенова Қызылорда қаласының Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінің 11 сынып оқушыларына су саласының мамандықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында су ресурстарын үнемді пайдаланудың маңыздылығы, су саласы мамандарын даярлайтын оқу орындары және жұмыс орындары жөнінде айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/979081?lang=kk

Жауап қалдыру