
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Amanat» партиясы филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңеспен бірлесіп «Art Sport» бағдарламасының Қызылорда қаласында іске асырылу барысына мониторинг жүргізді.
Мониторингке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жүсіпәлиев, Облыстық мәслихаттағы «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партияның қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілдері қатысты.
Мониторингтің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорттық тапсырыстар аясында бөлінген бюджет қаражатының мақсатты әрі заңды түрде игерілуін бақылау, сондай-ақ қызмет көрсетуші кәсіпкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылады.
Мониторинг барысында нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуы, оқыту жағдайлары, қаржының мақсатты жұмсалуы мен заңдылықтардың сақталуы назарға алынды.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/978376?lang=kk

Жауап қалдыру