
Осы жылдың 1 сәуірінде Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық қауіпсіздік мәселелері мен ұлттық олимпиадаға дайындыққа арналған ауқымды семинарға қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің алаңында өтіп, өңірлік департаменттердің басшыларын және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларын біріктірді.
Семинар барысында дәріскерлер тарапынан қаржылық қорғаныс тетіктері мен алаяқтық схемаларға қарсы тұру жолдарын түсінуге мүмкіндік беретін, көрнекі материалдармен және интерактивті ойындармен толықтырылған мазмұнды дәрістер ұсынылды. Баяндамалар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді, бұл өз кезегінде аудиторияны кеңінен қамтуға мүмкіндік берді.
Экономикалық тергеулер саласындағы тәжірибелі сарапшылар нақты жағдайлармен бөлісіп, күмәнді транзакцияларды талдау әдістері мен қаржылық қылмыстардың алдын алу стратегияларын ұсынды.
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті осы маңызды іс-шараны ұйымдастырып өткізгені үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің басшылығына шынайы алғысын білдіреді.
Аталған семинар қаржылық қауіпсіздік саласындағы мамандар мен академиялық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылға жаңа мүмкіндіктер ашқан маңызды білім алаңына айналды.
Алынған білім департамент қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына халыққа маңызды ақпаратты тиімді жеткізуге, азаматтардың қаржылық сауаттылығы мен экономикалық қылмыстардан қорғану тетіктері туралы хабардарлығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/977472?lang=kk

Жауап қалдыру