
7-ші басқарманың бастығы Қ. Айтбайұлы прокуратура жұмысының басым бағыттарының бірі — балалардың құқықтарын қорғау және алимент төлеу міндеттемелерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта қарыз берешегі бар борышкерді жұмысқа орналастыру және қарыз болған жағдайда заңды ықпал ету шараларын қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 44 қылмыстық іс қозғалды, оның 11 іс бойынша үкім шығарылды, 5 іс тараптардың татуласуына байланысты сотпен тоқтатылып, 23 млн теңге көлеміндегі алимент берешегін жойылды.
Сондай-ақ, алимент төлемегені үшін 89 (өткен жылы — 54) борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 67-сіне (75%) қамау жазасы қолданылса, 22-сіне айыппұл салынды.
2 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, нәтижесінде 26 борышкер жұмысқа орналастырылып, 42 адам жұмыспен қамту орталығына есепке қойылды.
Алайда қала прокуроры қабылданған шаралар тиісті нәтижесін бермегенін атап өтіп, алименттік берешек мәселесін шешудің жолдарын қайта қарауды, тек қылмыстық жауапкершілікпен шектелмей, кешенді шаралар қолдануды тапсырды.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/978589?lang=kk

Жауап қалдыру