
Жылыой ауданының әкімі Ж.Қаражанов бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Аудан басшысының қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, апаттық үйлердің жай-күйі, жұмыссыздық мәселесін көтерді.
Аудан әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/977883?lang=kk

Жауап қалдыру