Аудан мәслихатының экономика және бюджеттік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 18 сәуірде Д.Позолотиннің төрағалығымен аудан мәслихатының экономика және бюджеттік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қаралды:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінде орналасқан, жылжымайтын мүлікті бағалау есебінің сомасы 3 141 000 (үш миллион жүз қырық бір мың) теңге болып табылатын, мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынатын жер учаскесі, жылжымайтын мүлікті бағалау есебінің сомасы 3 213 000 (үш миллион екі жүз он үш мың) теңге баламалы жер учаскесі өтеле отырып, жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарттың жобасын келісу.   

2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінде орналасқан, жылжымайтын мүлікті бағалау есебінің сомасы 5 709 000 (бес миллион жеті жүз тоғыз мың) теңге болып табылатын, мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынатын жер учаскесі, жылжымайтын мүлікті бағалау есебінің сомасы 5 748 000 (бес миллион жеті жүз қырық сегіз мың) теңге баламалы жер учаскесі өтеле отырып, жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарттың жобасын келісу.   

Отырыс қорытындысы бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қаулылары қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sko-esil/press/news/details/978924?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді