
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету күн сайын елордалық құтқарушылардың күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі.
Өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында Департамент қызметкерлері М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында білім басқармасының өкілдерімен және елордалық мектеп директорларымен жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Кездесу барысында білім беру объектілерінің өкілдеріне су айдындарындағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі қағидаларының, көп қабатты ғимараттардағы ашық терезелердің негізгі талаптары жеткізілді, сондай-ақ суға батып бара жатқан адамдарды құтқару және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету қағидалары көрсетіліп, оқыту бейнероликтері мен слайдтары көрсетілді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/978727?lang=kk

Жауап қалдыру