Бірлік — күш!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жеке құраммен жұмыс істеу — психологтар қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Әртүрлі құрылымдарда бұл жұмыс түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Алайда оның мақсаты ортақ — қызметкерлердің әл-ауқаты мен психикалық денсаулығын қамтамасыз ету. Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің психологтары күш құрылымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара барысында тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар суицидтің, лудоманияның және түрлі тәуелділіктердің алдын алу мәселелері де көтерілді.
 
Ақтөбе облысының ТЖД
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/975589?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді