
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауында жаңа мәдениетті, қоғамдық жауапкершілік пен шынайы патриотизмді қалыптастыру тұрғысынан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңыздылығын ерекше атап өткен болатын.
Осы бастама аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері сенбілік ұйымдастырып, оның барысында департаментке іргелес аумақ тазартылды.
Сондай-ақ, қаланың басты көшелерінің біріне ағаштар отырғызып, қалалық экожүйені көгалдандыруға және жақсартуға үлес қосты.
Аумақтық департамент басшысы Әділхан Сабуров жеке құрамға жұмысқа деген жауапкершілік пен ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті: «Әрқайсымыз туған қаламыздың, оның көшелерінің тазалығына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Қоршаған ортаның тазалығы – біздің ортақ міндетіміз».
Акцияның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық тазалыққа деген назарын аудару және қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосу.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға және елді мекендерінің тазалығына қамқорлық жасауға шақырамыз.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП
#Тәртіптіөзімізденбастайық

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/976021?lang=kk

Жауап қалдыру