Бүгін қаламызда республикалық бокс турнирінің салтанатты ашылуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қаламызда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Романович Камашовты еске алуға арналған 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық бокс турнирінің салтанатты ашылуы өтті.

Турнирдің ашылуында қала әкімі, Республикалық бокс федерациясының өкілдері, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, қалалық мәслихат депутаты және өзге де құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Владимир Романовичтің жұбайы арнайы қатысып, жарының есімін құрметпен еске алып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Салтанатты шара барысында жаттықтырушыларға спорт саласына қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар табысталды.

Барша турнир қатысушыларына сәттілік, әділ дода мен жарқын жеңістер тілейміз! 🏆

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/976668?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді